Өңірлер

Қызылорда облысының әкімі Шиелі ауданындағы көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысымен танысты

Наурыз мерекесі күні облыс әкімі Қ.Көшербаев жұмыс сапарымен Шиелі ауданында болды.
Қызылорда23 Наурыз , 15:36

Алдымен ол Сұлутөбе, Тартоғай ауылдық округтерінің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен танысып, тұрғындармен жүздесті. Бұдан соң аудан орталығында өтіп жатқан Наурыз мерекесіне қатысты іс-шаралара қатысып, аудан тұрғындарын жылдың жаңаруымен құттықтады.

«Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелте берсін. Ұлыстың ұлы күнінде айтылған барлық тілек қабыл болады. Олай болса, киелі Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Еліміз тыныш, әрбір жаңа күн барлық отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ақ мол болсын, құт қонсын, Қыдыр – бақ дарысын», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Мерекелік бағдарлама аясында халқымыздың салт-дәстүр ғұрыптары көрсетіліп, аймақ басшысы ағаш көшетін отырғызды. Осы күні облыс әкімі аудандағы 15 ауылды аралап, тұрғындардың жағдайымен танысты. Соңғы жылдардың бедерінде қай салада болмасын өсу, өркендеу бар. Білім саласында үш ауысымда оқытатын мектеп мәселесі шешілді. Балалардың балабақшамен қамтылу деңгейі да артып келеді. Ауылдағы медициналық нысандардың жағдайы түзеліп, клубтар қайтадан салынуда. Дегенмен, әлі де мәселе бар. Сапардың негізгі мақсаты да осы. Алдыңғы ретте кезек күттірмейтін проблеманы анықтап, соның шешу жолын қарастыру.

«Қазір әлемде экономикалық дағдарыс белең алып тұрған кез. Сондықтан бізге алдымен басталған құрылыстарды аяқтау керек. Ал жаңа құрылыстар бірінші жартыжылдықтың нәтижесіне қарай басталатын болады. Әлде де клуб, дәрігерлік амбулатория, жол мәселесі шешілмеген ауылдар бар. Кезегіне қарай бұл проблемалар да шешіледі», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Жалпы, өндірісті аймақтың өрісі кеңейіп келеді. Мұнда ата кәсіп саналатын ауыл шаруашылығы саласы да кеңінен дамыған. Сапар барысында аймақ басшысы шаруашылықтардың да жұмысымен танысты.




Яндекс.Метрика