Адами капитал

Д.Ахметов: Наурыз – қазақстандықтардың бірлігін нығайтуда маңызды рөл атқарады

Наурыз мерекесін шығысқазақстандықтар да кең ауқымда тойлатып, қарсы алды. Облыс орталығында үлкен мереке ұйымдастырылып, оған тек қала тұрғындары ғана емес, еліміздің барлық аймақтарынан келген қонақтар да қатысты.
Шығыс Қазақстан 23 Наурыз, 13:32

Шығыс Қазақстан облысының Ақпарат орталығынан хабарланғанындай, адамзаттың өміріндегі ең ежелгі мерекелердің бірін атап өтуге арналған салтанатты шарада салт-дәстүрлердің барлық түрлері көрсетілді. Орталық алаңда 20-ға жуық киіз үй тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Ең мықты палау басу бойынша байқау ұйымдастырылып, ағаш өнері шеберлерінің туындылары тамашаланды. Онда «Ара-шоу» байқауына қатысушылар көктем мерекесі мен «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысты мүсіндер жасады.

«Көпұлтты тәуелсіз Қазақстанда Наурыз мерекесі бейбітшіліктің нышаны іспеттес болып кеткен және ол қазақстандықтардың бірлігін нығайтуда маңызды рөл атқарады. Осы бір жарқын мереке әрбір отбасына бақыт пен қуаныш әкелсін»,-деді облыс әкімі Даниал Ахметов.    

ШҚО-да Наурыз мерекесі 25-ші мамырға дейін тойланады. Мерекенің бағдарламасы бойынша, әлеуметтік бағамен сатылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, концерттік қойылымдар мен облыс орталығына қарасты барлық шағын аудандарда түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Қорыта айтқанда, жалпыхалықтық Наурыз мерекесі барлық ұлттарды ұйыстыратын үйлесімділіктің мерекесі болды.

  





Яндекс.Метрика