Адами капитал

Ресей Федерациясының елшісі қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил Бочарников ИА Strategy2050.kz. ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Наурыз мерекесіне орай барлық қазақстандықтарға өзінің шын жүректен ыстық лебізін білдірді.
Астана қаласы 23 Наурыз, 12:51

«Мен барлық қазақстандықтарды жарқын мереке - Наурызбен шын жүректен құттықтаймын. Бұл тарихи, мәдени мереке, бұл көктем мен жаңа жылдың мерекесі. Бұл мерекені тіпті төзімділік мерекесі десе де болады. Себебі оны көптеген ұлт өкілдері бірлікте, ынтымақта атап өтеді»,-деді елші.

Оның сөзінше, Наурыз әлемнің көптеген мемлекеттерінде аталып өтетін мереке, ал Қазақстанда ол биыл бес күн қатарынан, әдеттегідей шат-шадыман, жарқын көңіл-күйде өтпек.

«Наурыз адамдардың бойындағы ең жақсы қасиеттер мен жақсы көңіл-күйді оятатын мереке және ол Қазақстанның ерекше қарқынды дамып келе жатқан тұсында аталып өтуде. Сондықтан Қазақстанға және онда тұрып жатқан барлық азаматтарға ең жақсы тілектерімді арнап, елдің дамуын тілеймін»,-деді М.Бочарников.

Индира Кауметова

 





Яндекс.Метрика