Адамзаттық капитал

Болгарияның Қазақстандағы елшісі барлық қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Мен барлық қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтағым келеді, деді Strategy2050.kz агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Болгария Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Васил Петков.
Астана қаласы 23 Наурыз, 10:42

«Біздің мемлекеттеріміздің арасында өте жақын достық қарым-қатынас орныққан. Сол себепті де мен сіздердің мемлекеттеріңізге үлкен бір сүйіспеншілікпен қараймын. Алдағы уақытта мен әлі сіздердің талай мерекелеріңіздің қатысушысы боламын деген ойдамын. Жалпы менің байқауымша, сіздердің мәдениеттеріңіз өте бай әрі қызықты. Сол себепті мен алдыма екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды ғана емес, мәдени байланыстарды да арттыруды міндет етіп қойып отырмын»,-деді елші.

Бұл ретте ол Қазақстан мен Болгария арасындағы қарым-қатынастардың өте қарқынды дамып келе жатқандығын атап өтіп, барлық қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады. «Мен барлық қазақстандықтарды осы бір керемет мерекемен құттықтағым келеді. Мен Наурыздың адамгершілік қасиеттерге толы жарқын мереке екенін, сіздердің Жаңа жылдарыңыз екенін білемін. Барлық қазақстандық отбасыларға шын жүректен бар жақсылықтар мен игіліктерді тілеймін»,-деді Васил Петков.

Индира Кауметова

 





Яндекс.Метрика