Адами капитал

Наурыз - қазақстандық қоғамның бірлігінің, жетістігінің, түсіністік пен тұрақтылығының белгісі – С.Кулагин (Фото)

Биыл облыс орталығындағы барлық мерекелік іс-шаралар «Тәуелсіздік» алаңында өтті. Ақмола облысының әкімі С.В.Кулагин барлық ақмолалықтарды «Наурыз мейрамымен» құттықтады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ақмола 22 Наурыз, 15:51

Өңір басшысы мерекенің ерекшелігін атап өтіп, наурыздың ғасырлар қойнауынан бастау алатындығын айтты. Наурыз бүгінде қазақстандық қоғамның  бірлігінің, жетістігінің, түсіністік пен тұрақтылығының белгісіне айналған. Бүгінде жұмыссыздықты барынша азайту, халықтың әл-қуатын арттыру, ауыл шаруашылығы мен шағын және орта бизнесті дамыту,  қалалар мен ауылдардың бейнесін жақсарту, білім және дәрігерлік қызмет сапасын арттыруға біздің облысымызда көп жұмыстар жасалуда дей келе, Сергей Кулагин Елбасымыз, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бұл мерекелік даталар қазақстандықтарды рухани тұрғыда бұрынғыдан да күштірек, топтасқан және бұрынғыдан да бетер тағатты етеді» деген сөзін тілегіне арқау етті.

«Осы мезетте еріктілер тілек білдіруші қала тұрғындарына тегін «Наурыз көже» мен бауырсақтар таратты. Сый-тағам тартылып біткеннен кейін іс-шара «Қара жорға» биінің жаппай орындалуымен аяқталды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, орталық алаңда кигіз үйлер тігілді. Кигіз үйлер қалашығындағы 8 қараша үйдің 2-еуі Қазақстан ҚХА-сына тиесілі болатын, қалғандары қаланың өзге де мекемелері мен ұжымдарынікі еді. Әр кигіз үйге кез-келген қала тұрғыны кіріп мерекелік дастарханнан ауыз тиді. Әр кигіз үйде қала ұжымдары мен мекемелерінің жетістіктерінен хабар беретін қабырғалық стендтер ілінген.

Атап өту керек, осы күні орталық саябаққа кіре берісте қазақша күрес, гір спорты, дартс, каратэ, тоғызқұмалақ және спорттың өзге де түрлері бойынша спорттық-жаппай іс-шаралары ұйымдастырылды.       





Дерекнама

Яндекс.Метрика