Адамзаттық капитал

Е.Сұлтанов: Наурыз – уақыт пен ұрпақ жалғастығын паш ететін мереке

Солтүстік Қазақстан облысында Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралар өтуде. Ондағы қалалардың көшелеріне мыңдаған азаматтар шығып, дәстүрлі мерекені атап өтуде.
Оңтүстік Қазақстан23 Наурыз , 11:19

«Сіздерді жарқын мереке – Наурызбен шын жүректен құтықтаймын! Халқымыздың рухының ұлылығын көрсететін ететін аталмыш мереке, уақыт пен ұрпақ жалғастығын паш етіп, көктемгі күн мен түннің теңеліп, табиғат ананың оянатын уақыты»,-деді облыс әкімі Ерік Сұлтанов.

Өзінің сөзінде ол бірлік пен төзімділіктің арқасында Қазақстанның мықты, дамушы мемлекетке айналғандығын атап өтті. «Мемлекет басшысы біздің алдымызға «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы үлкен міндеттер қойып отыр. Солтүстікқазақстандықтар осындай маңызы зор үлкен міндетке өздерінің лайықты үлестерін қосады деген ойдамын»,-деді аймақ басшысы.

«Мерекелік шаралар театрландырылған көріністен басталып, облыс әкімі М.Жұмабаев көшесінде орналасқан киіз үйлер тігілген ауылды аралады. Ондағы әрбір үйде дастархан жайылып, қонақтарды ұлттық тағамдармен, домбырамен ән салып  қарсы алды. Е.Сұлтанов Мамлют ауданының тұрғындары тіккен киіз үйде осы мерекеге арнайы  дайындалған  ұзындығы 2 метр болатын бәліштің кесу рәсімін жасады»,-делінген хабарламада.

Облыс басшысы мерекеге орай ұйыдастырылған ет, сүт өнімдері мен көкөністер сатылып жатқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін де аралады. Бұдан әрі аймақ басшысы орталық алаңда орналасқан этноауылдарда болды. Онда Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері түрлі ұлт өкілдерінің тағамдараның көрмесін ұйымдастырыпты. Ал таң ата ұйымдастырыла бастаған тақырыптық алаңдар мерекеге жиналған қонақтарға қазақ халқының өмірі мен тыныс-тіршілігінен хабар береді. Осы жерде облыс әкімі «Тұсау кесер» рәсіміне қатысты.

Үш күнге созылатын мерекелік шаралардың бағдарламасында концерттер, спорттық іс-шаралар мен фестивальдар, көрмелер мен ретро-шоу бағдарламалар бар.        




Дерекнама

Яндекс.Метрика