Ұлтаралық бірлік

Ақтауда Наурыз мерекесінің қарсаңында «Бір ел-бір тағдыр» атты фестиваль өтті

Ақтауда «Бір ел-бір тағдыр» атты фестиваль өтіп, оған 3 мыңнан астам адам қатысты.
Маңғыстау25 Наурыз , 13:46

Фестиваль аясында башқұрттардың «Салават» атты этномәдени бірлестік өкілдері «Күрес» спорттық шарасын ұйымдастырды. Оған облыстың ең мықты деген спортшылары қатысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері.

Сонымен қатар мерекелік бағдарламада спорттық іс-шаралар мен концерттер, жәрмеңкелер ұйымдастырылып, тал-тарақтар отырғызылды.

«Бір ел –бір тағдыр» фестивалі облыстың барлық аудандарында өтті. Шараның мақсаты – жастарды салауатты өмір салтын ұстануға үйрету. Бүгінгі мерекеге қанша ұлт өкілі  қатысса, сол ұлттардың барлығының Маңғыстау облысында тату – тәті өмір сүретіндігісінің белгісі»,-деді Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының  хатшысы Гүлжан Есмурзина.

Наурыз мерекесін тойлауға 21 этномәдени бірлестік өкілі қатысты. «Біздің этномәдени бірлестігіміз барлық мерекелерге тұрақты қатысады және біз мерекенің ұйымдастырылу шараларына да белсенді атсалысамыз. Наурыз болса, баршаға ортақ мереке, ең сүйікті мерекелеріміздің бірі. Біз оны ылғи да ұйымдасқан түрде отбасымен қарсы аламыз. Үйде бауырсақ пен наурыз көже міндетті түрде болады»,-деді башқұрт халқы этомәдени бірлестігінің төрағасы Орал Азнабаев.  

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика