Адами капитал

А.Баталов: Наурыз – әрбір қазақстандық үшін Ұлы мереке

Бүгін Талдықорған қаласында Наурыз мерекесі кең ауқымда аталып өтілді. Шараға облыс әкімі Амандық Баталаов қатысты.
Алматы 22 Наурыз, 14:33

Күн мен түн теңелген көктемнің жаймашуақ мерекесінде қаладағы орталық алаңға қала тұрғындары мен қонақтар жиналып, мерекелік шараға қатысты әзірленген концерттік бағдарламаларды, театрландырылған көріністерді тамашалады. Көпшілікке тарихи кезеңдердегі, аңыздардағы батырлар бейнесі сомдалған сахналық қойылымдар ұсынылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Баршаңызды еңбек пен ырыстың, ізгілік пен жақсылықтың жарқын мерекесі - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Әз-Наурыз елімізге бақ-береке, мол табыс алып келсін! Жаңа қой жылы тарихи маңызы зор оқиғалармен, айтулы мерейтойлармен ерекшеленбек. Ұлы Жеңістің 70, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20, Қазақ хандығының - 550 жылдығын атап өтетін боламыз. Осылайша тарихтан тағылым алып, өткенге тағзым етіп, болашаққа бағдар жасап отырмыз. Осының бәрі - Тәуелсіздіктің арқасы.Наурыз күні адамдар ақ тілеу айтады, адал көңілін, кең пейілін білдіреді. Бір-біріне бақ-береке, ынтымақ тілейді. Ендеше Ұлыстың Ұлы күні құтты болып, Күннің алғашқы нұры әрбір шаңыраққа бақыт, болашаққа деген сенімділік әкелсін! Ұлыс оң, ақ мол болсын ағайын!, - деп қорытындылады сөзін облыс басшысы.

Шара облыстық Сүйінбай атындағы филармония әртістерінің орындауындағы мерекелік концертке ұласты.

 





Яндекс.Метрика