Адами капитал

Астана халқы Наурыз мейрамын тойлауда (ФОТО)

Қазақстанның елордасында Наурыз мерекесін қалың бұқара тойлауда.
Астана қаласы 22 Наурыз, 11:56

Қаланың басты алаңы Қазақ елінде бұқаралық мерекелік шаралар өтуде. Қала тұрғындарының назарына би, күй, театрлық қойылымдар ұсынылуда.

Наурыз – тек табиғаттың ояну мерекесі ғана емес, ынтымақ пен бірліктің белгісі. Дәл осы құндылықтар мемлекет тұрақтылығының нышаны болып саналады.

Айта кетейік, осыған дейін Елбасы «Наурыз – нұрлы жол» мерекелік шарасын тамашалаған болатын.

Мемлекет басшысы барлық қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.

«Күн шуағын өзімен ала жүретін Наурыз мейрамымен құттықтаймын.Біздің тарихымызда бірнеше жүз жылдан бұрын атап, көктемнің алғашқы күнінде ағайындар бір-бірімен қауышып, туысқандар бірін-бірі қыстан шығып көріп, барлық орын алған жаманшылықтарды кешіріп, бірі-біріне көмектесіп, наурыз көже үлестіріп жататын мереке құтты болсын», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы Тәуелсіздік жылдары Қазақстан мықты, әрі тұрақты елге айналғандығын атап өтті.

«Біз еліміздің ақ тілекпен, бірлікпен тәуелсіздігін орнаттық. Қазақстанды дүниежүзіне белгілі мемлекет жасадық. Қандай қиын-қыстау заман болса да бірге болып, бірлігімізден ажырамай алға басып келе жатырмыз. Еліміз көркейді, ел ордасы - халықтың, мемлекеттің жүрегі - бүкіл дүниежүзіне белгілі болды. «Нұрлы жол» бағдарламасы да қиындықтарға арналған жауап. Біздің болашағымыз осы бағдарламаны орындау арқылы одан әрі гүлдене түседі. Осының барлығын елдің бірлігі, сенімі өте қажет. Сондықтан осы жолдан таймай, осы саясатымызды жүргізетін болсақ, Қазақстан болашақта мұнан да көркейіп, халдықтың жағдайы бұдан да зор болады. Табысты болайық, аман болайық. Наурыз қуаныш, бақыт береке алып келсін!», - деді Елбасы.

Камила Амирова

Фото Азамат Алиев





Яндекс.Метрика