Экология

Ақтауда «Жас Отан» ұйымының белсенділері Каспий теңізінің жағалауын қоқыcтан тазалауға атсалысты

Ақтауда «Жас Отан» ұйымының 100-ге жуық белсенділері мен жастар ұйымдарының өкілдері Каспий теңізі жағалауын қоқсықтардан тазарту жұмыстарына үлес қосты, деп хабарлайды аймақ әкімдігі.
Маңғыстау 24 Наурыз, 14:31

«Ақтау қаласының «Жас Отан» ұйымының белсенділері мен жастар ұйымдарының өкілдері Каспий теңізінің жағалауын тазалап, түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырып, қала тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады. Шараға 100-ге жуық адам қатысты. Оның мақсаты – өзгелерге үлгі көрсету арқылы өзгелерді белсенді әрі елінің жанашыры болып, өзі тұрғып жатқан қала үшін, жалпы алғанда елі үшін қызмет етуге үндеу»,- делінген хабарламада.

Акцияға қатысушылардың арасында жастар ұйымдары мен оқу орындарының студеннттері және жергілікті тұрғындар бар.

«Біз Наурыз сияқты тамаша мереке қарсаңында Ақтау қаласының тұрғындары үшін, сүйікті теңізіміз Каспий үшін  игілікті іс атқарғымыз келеді. Осы мүмкіндікті пайдаланып барлық қазақстандықтарға сәлем жолдаймын, оларды мерекелерімен құттықтаймын және ел үшін пайдалы іс істеуге шақырамын»,-деді акцияның қатысушысы Мұқаш Оралбаев.

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика