Адамзаттық капитал

ШҚО-да ҰОС ардагерлеріне арналған қайырымдылық концерті өтті

Өскемен қаласының металлургтер сарайында «Времен связующая нить» атты Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған қайрымдылық концерті өтті. Аталмыш шараны Дариға Назарбаева қорның Қамқоршылық кеңесінің бастамасымен «Дегдар» гуманитарлық қоры JTI компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының Ақпарат орталығы.
Шығыс Қазақстан24 Наурыз , 13:14

«Дегдар» гуманитарлық қоры JTI компаниясымен бірплесіп, Д.Назарбаеваның қорының Қамқоршылық кеңесінің бастамасымен 2011 жылдан бастап, «Времен связующая нить» атты жобаны жүзеге асыруда. Оның мақсаты – музыка арқылы әртүрлі кезеңдерде дүниеге келген ұрпақтарды біріктіру, елімізді, жерімізді жаулардан қорғап, тәуелсіз елдің іргетасын қалаған азаматтарды құрмет тұту»,-делінген хабарламада.    

Өскеменде өткен концертте «Астана опера» театрының жүргізуші- әншісі, Башқұрстанның еңбегі сіңген әртісі, Альфия Каримова (сопрано), белгілі пининошы, Қазақстанның ұлттық өнер университетінің профессоры Тимур Орманшеев, жас талантты скрипкашы, халықаралық конкурстардың лауреаты Еркебұлан Сапарбаев сынды өнер майталмандары әлемдік классиканың кең тараған туындыларын орындады.   

Осы жоба аясында еліміздің ең ірі деген барлық қалалаларында классикалық өнер жұлдыздарының қатысуымен 25 концерт өтті. Концерттерге Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен музыка өнерінің жанашырлары қатысты және концерттер еліміздің ең мықты деген концерттік залдарында ұйымдастырылды. Мұндай жоғары дәрежедегі концерттерді ұйымдастырушылар қойылымдарды мүмкіндігінше халыққа қолжетімді етуге тырысты. Сондықтан оған кіру тегін болды. Аталмыш жоба бойынша концерт ұйымдастырылатын әрбір қаланың соғыс ардагерлеріне азық-түлік қоры да жіберілуде.

 

 




Яндекс.Метрика