Адами капитал

«Батыр арулар» байқауына қатысушылар астаналықтарға арнап ерекше акция өткізді (Фото)

Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында «Батыр арулар» сайысына қатысушы Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметші қыз-келіншектері елорда тұрғындары мен қонақтарына арнап қызықты акция өткізді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Астана қаласы 22 Наурыз, 12:15

«Mега Астана» сауда ойын-сауық орталығының екінші қабатында батыр аруларымыз астаналықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Дәстүр бойынша бұл күні әр үйде мерекелік дастархан жайылады. «Батыр арулар» байқауына қатысушылар мерекелік дәстүрді сақтай отырып, сауда  ойын-сауық орталығына келушілерге бауырсақ және басқа да ұлттық тағамдардан дәм ұсынды.

 Сондай-ақ, ҚР Қарулы Күштердің атынан Наурыз мейрамымен құттықтаған естелік хаттарын таратты. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бастамасы бойынша әскери қызметші қыз-келіншектер арасында «Батыр арулар» байқауы өткізілуде. Оның аясында дауыс беру нәтижесі бойынша ҚР Қарулы Күштердің кәсіби түріне қарай 12 үздік әскери қыз-келіншек анықталады.

 Жеңімпаздар 2016 жылға арналған "Батыр арулар" арнайы күнтізбесіне шығару үшін кәсіби фотосессияға қатысуға мүмкіндік алады. 

 





Яндекс.Метрика