Қазақ хандығына 550 жыл

«Әзірет Сұлтан» қорғанының 60 көне шамшырағы ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде қойылды (Фоторепортаж)

ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде «Мыңжылдықтар шырағы» атты көрме ашылды, шарадағы топтама «Ұлттық құныдылық» музейаралық серіктестік жобасы аясында музей-қорған «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік қорынан қойылды.
Астана қаласы24 Наурыз , 11:54

Тамашылаушылар назарына 100 археологиялық және этнографиялық артефактілер ұсынылды, оның 60-ы жарықшамдар, олардың ең көнесі 2 мың жыл бұрын, ең "ескісі" 19 ғасырда болған.

Бұл шамшырақ  топтамасының  ішіндегі бұйымдар Изз ад-дином ибн Тадж ад-дином Исфаханидан келген Әмір Темірдің бұйрығы бойынша Қожа-Ахмет Яссауи кесенесіне арнайы 14 ғасырда  дайындалған. Бұл бұйымдар тарихи, көне зат ретінде өте құнды болып саналады.

Сондай-ақ, XIV ғасырда дайындалған екі шамшырақ целиндрінің түпнұсқасы Санкт-Петербург Эрмитажында сақталса, шамшырақтың төменгі жағы Париждің Лувр мүзейінде сақталған.

Өз кезегінде "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорғаны ҚР Тұңғыш Президентінің көне серіктесі болып есептеледі.Музей-қорғанда көне археологиялық, архитетуралық ескерткіштердің кешенді топтамасы сақталған.

Тарихиы құнды жәдігерлер "Әзірет Сұлтан" музей-қорғанының қатарын толытруда.

"Мыңшылдықтар шырағы" көрмесі ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде 2015 жылдың 13 сәуірінде өтеді.

Индира Қауметова 

Суретті түсірген Азамат Әлиев

 




Яндекс.Метрика