Мәдениетті жаңғырту

La Scala опера әншісі алғаш рет «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетеді

«Астана Опера» театрының сахнасында La Scala әншісі сопрано Доната Д'Аннунцио Ломбарди ән салады. Италияның ең танымал әншілерінің бірі Дж. Пуччини «Богема» операсының Мими партиясын орындайды.
Астана қаласы 25 Наурыз, 15:34

«Италияның атақты әншілерінің бірі Доната Д’Аннунцио Ломбарди әйгілі ақын Д’Аннунционың ұрпағы саналады ол Еуропада өте танымал. Әнші - Пуччини операсының сопрано партиясындағы  ең үздік орындаушылардың бірі саналады. Оның даусы обертондарға толы, сондықтан ән айтқанда дауыс оркестрдің өзінен күшті естіледі»,- дейді театрдағылар.

Доната Оффенбахтың «Әдемі Еленадағы» Еленасын, Кальманның «Чикаголық герцогиня» опереттасындағы  Мэри Ллойдты және В.Ранзатоның  Cin Ci La шығармасын орындаған соң ерекше әйгілі бола түсті. Ол Ла Скала, Туриндегі Реджио, Палермодағы Массимо театрында, Арениа Ди Верона, Парманың корольдік театрында, Фиренце қалалық театрында, Сан-Карло, Неаполь қалаларының  театрлары сияқты әлемнің әйгілі деген сахналарында өнер көрсетті.   

Қоюшы-дирижеры – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мухитдинов, қоюшы-режиссер Ресейдің Халық әртісі Юрий Александров. Рудольф партиясында «Астана Опера» театрының жетекші әншісі Медет Чотабаев (тенор) өнер көрсетеді. Дирижер - Джузеппе Акуавива (Италия). Операның сюжеті Анри Мюрженің «Богеманың өмірінен көріністер» атты француз романынан алынған.   

  





Яндекс.Метрика