Ұлтаралық бірлік

Қызылордалық қазақ-түрік лицейінің оқушылары Наурызды ҚХА-ның өкілдерімен бірлесіп атап өтті

Қызылордалық №9 қазақ-түрік лицей-интернатында «Наурыз – достықтың, бейбітшілік пен мейрімділіктің мерекесі» атты шара өтті. Биыл Наурыз мерекесін лицей оқушылары Қазақстан халқсы Ассамблеясының өкілдерімен бірлесіп өткізді.
Қызылорда25 Наурыз , 14:28

Шара барысында әдемі де әрлі етіп безендірілген залда ақ дастарқан жайылып, наурыз көже таратылды. Мерекелік шараға қатысушыларды жазушы, сатирик Өтеген Жаппарханұлы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, қоғам қайраткері Асылбек Жұмабаев құттықтады, делінген аймақ әкімдігінің хабарламасында.

Мерекелік шарада оқушылар ән айтып, би билеп, сахналандырылған көріністер қойды. Олар түрлі ұлт өкілдерінің өнерлерінен көріністер дайындап, әртүрлі халықтардың әдеп-ғұрыптарын көрсетті.

«Наурыз – көктемнің жаңаратын кезі, үйлесімділік пен мейрімділіктің, жер бетіндегі халықтардың бірлігінің мерекесі.  Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын Наурыз мерекесімен бірге атап өту, халықтардың ынтымағы мен бір-біріне деген құрметін арттырады деген ойдамын. Бұл мереке Қазақстанда тұратын барлық халықтар үшін ерекше қымбат»,-деді  №9 лицей-интернатының директоры Қанат Егенбердиев.

Сондай-ақ ол өзі басқаратын оқу орнының оқұушыларының жетістіктері жөнінде айтып өтті.  

 




Яндекс.Метрика