ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Алматыда Наурыз қарсаңында бірден 4 жаңа бала бақша ашылды

Алматыда 4 жаңа бала бақша ашылды. Алматы әкімі Ахметжан Есімов солардың бірінде болды, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы23 Наурыз , 10:05

Қала басшысы бала бақшалардың ашылуы жергілікті тұрғындардың мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріне деген сұранысын қанағаттандырады деп атап өтті. №132 бала бақша 3 пен 7 жас аралығындағы балаларды қабылдауға дайын.

Бала бақшаның екі қабатты нысаны типтік жоба бойынша бір жылға жетпей салынып біткен болатын. Ол 6 топқа арналған, соның біреуі - дайындық тобы.

«Бала бақша жақсы. Қазіргі заманға лайық, ойын бөлмелері бар, барлық талаптарға сай. Мұнда балалардың дамуы мен білім алуы үшін қажетті нәрсенің бәрі бар», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Қала басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қалада балаларды мектеп жасына дейінгі біліммен қамтуға айрықша назар аударылатынын еске салды. Мысалы, Алматыда жыл басынан бері 2015 жылға жоспарланған 17 бала бақшаның 12 пайдалануға берілді. Бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасын табады деді әкім.

«Бүгін 4 жаңа бала бақша ашылды. Осы жұмыстың арқасында біз мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің жетіспеушілігін азайтамыз», - деп қорытындылады сөзін Ахметжан Есімов.

Назарларыңызға, Алматыда соңғы алты жыл ішінде 37 жаңа бала бақша салынып, пайдалануға берілді және мектеп жасына дейін білім беретін 7 нысан коммуналдық меншікке қайтарылды.




Яндекс.Метрика