Өңірлер

6 мыңнан астам ауыл тұрғындары «ЖҚЖК-2020» бағдарламасының аясында ақыл-кеңестер алды

16 наурыздан бастап, Қазақстанда Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің аймақтық жұмыспен қамту жөніндегі департаменттері мен комитеттерінің, басқармалары мен бөлімдерінің өкілдерінен құрылған арнайы жедел топтар «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы мен «Өрлеу» жобасына қатысу жөнінде ақыл-кеңес беру түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Казахстан25 Наурыз , 10:53

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, аталған жұмыс топтары наурыздың 16-ы мен 20-ы аралығындағы, яғни жұмыс тобының қызметінің алғашқы аптасының жұмыс қорытындысы бойынша, 5 мың 900 адамды қамтыған. Олардың арасында жұмыссыз жүрген, әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар бар, олардың 2 мыңға жуығы Оңтүстік Қазақстан облысынан.

Жедел жұмыс топтары «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы мен «Өрлеу» жобасына қатысқысы келген азаматтарды анықтайды. Оған қатысуға ниет білдірген азаматтар сол жерде жазбаша өтініш білдіре алады.   

Өтініш білдірген соң, жергілікті жерлердегі мамандар өтініш иесімен кеңесіп, «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы мен «Өрлеу» жобасының нақты қай бағытына жіберетіндіктерін анықтап, оған қажетті және өтініш иесі тарапынан тапсырылуы тиіс құжаттар бойынша кеңес береді.     

«Бұл процедуралардың барлығынан өткен азаматтарға қажетті құжаттары дайын болған соң, жұмыспен қамту бөлімдерінің мамандары көмек көрсетеді»,-делінген хабарламада.  

Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша 441 маманнан құрылған 178 жедел топ  жұмыссыздық деңгейі ең жоғары деген 441 елде мекен мен 191 ауданда жұмыс жүргізуде. Жедел жұмыс топтарының қызметі 15-ші сәуірге дейін жалғасады.   

 

 




Яндекс.Метрика