Ұлтаралық бірлік

Қазақстан халқы Ассамблеясы барша қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен кұттықтады.
Астана қаласы22 Наурыз , 10:02

Құрметті Отандастар!

Наурыз – жалпыхалықтық мейрам. Оның бастауында бейбітшілік, келісім, отанға деген адал сезім, мақсаттардың бастауы, жаңару жатыр. Бұл күндері еліміздің барлық өңірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Асар» республикалық әлеуметтік акциясы өтуде. Бұл іс-шара қайырымдылық пен ізгілік жасау арқылы бірлігіміздің іргесін одан әрі нықтай түсуге бағытталған.

Наурыз мерекесін атап өту арқылы біздер ортақ дәстүрлі құндылықтарымызды жаңғыртуға, қамқорлық жасауға, зор сенім мен еңбексүйгіштікті, ашықтық пен толеранттылықты қалыптастырамыз. Бұл күні біздер жақындарымызға жанашыр болып, қоршаған ортамызға қуаныш пен бақыт сыйлаймыз. 

Бүгінде Қазақстан тарихында жаңа кезең басталды. Президент Н.Ә.Назарбаев таяудағы өзінің Үндеуінде бес институционалдық реформаны атап көрсетті – бұл біздің мемлекетіміздің бірлігі мен тұрақтылығының бес қадамы. Бұл «2050 Стратегиясы» және «Нұрлы жол» бағдарламаларын жүзеге асыруға бастар жол.

Сондықтан бүгін әр қазақстандық қоғамдық келісім мен бірлігіміздің арқасында міндеттердің сәтті боларына сенімді.

Қымбатты жерлестер!

Наурыз – туған жеріміздің қайта жаңаруының көрінісі. Баршаларыңызды көктем мерекесі, жыл басы Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.

Ұлыстың ұлы күні әрбір шаңыраққа қуаныш, бақыт, ізгі үміттер ала келсін. Отанымыз Қазақстан гүлдене берсін! 

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! 

Наурыз мейрамы құтты болсын!




Яндекс.Метрика