Адами капитал

Елбасы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады (ФОТО)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.
Астана қаласы 21 Наурыз, 12:13

«Күн шуағын өзімен ала жүретін Наурыз мейрамымен құттықтаймын.Біздің тарихымызда бірнеше жүз жылдан бұрын атап, көктемнің алғашқы күнінде ағайындар бір-бірімен қауышып, туысқандар бірін-бірі қыстан шығып көріп, барлық орын алған жаманшылықтарды кешіріп, бірі-біріне көмектесіп, наурыз көже үлестіріп жататын. Біз еліміздің ақ тілекпен, бірлікпен тәуелсіздігін орнаттық. Қазақстанды дүниежүзіне белгілі мемлекет жасадық. Қандай қиын-қыстау заман болса да бірге болып, бірлігімізден ажырамай алға басып келе жатырмыз. Еліміз көркейді, ел ордасы - халықтың, мемлекеттің жүрегі - бүкіл дүниежүзіне белгілі болды», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» бағдарламасы қиындықтарға арналған жауап екенін айтып өтті.

«Біздің болашағымыз осы бағдарламаны орындау арқылы одан әрі гүлдене түседі. Осының барлығын елдің бірлігі, сенімі өте қажет. Сондықтан осы жолдан таймай, осы саясатымызды жүргізетін болсақ, Қазақстан болашақта мұнан да көркейіп, халдықтың жағдайы бұдан да зор болады. Табысты болайық, аман болайық. Наурыз қуаныш, бақыт береке алып келсін!», - деді Елбасы.

Камила Амирова

Фото Азамат Алиев





Яндекс.Метрика