Халықаралық интеграция

ШЫҰ Хатшылығында «Астана» мәжіліс залы ашылды

Бейжің қаласында Шаңхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Хатшылығында «Астана» мәжіліс залының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде24 Наурыз , 12:28

Аталған іс-шараға ШЫҰ басшылығы, ұйымға мүше-мемлекеттерінің елшілері мен тұрақты өкілдері және ҚХР Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері қатысты.

«Мәжіліс залын Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев және Шаңхай ынтымақтастық ұйымының Бас Хатшысы Дмитрий Федорович Мезенцев қызыл лентаны кесу дәстүрімен ашты», - делінген хабарламада.

Жөндеу және қалпына келтіру шаралары аяқталғаннан кейін 2014 жылы сәуір кезеңінде Хатшылық жаңа ғимаратқа көшіп, «Астана», «Бейжің», «Бішкек», «Мәскеу», «Душанбе» және «Ташкент» атауымен қойылған конференц-залдарды безендіру идеясын ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің келісуімен жүзеге асырылған болатын.

Астана залы ұлттық, дәстүрлі тұрғыда алтын түспен өрнектелген. Залдың ортасында ең маңызды декоративтік элемент – үш метрлік шаңырақ бейнесіндегі «күн» тәрізді нұр шашып тұрған алтын күмбез. Зал периметрімен және келіссөздер жүргізетін үстел үстінде қазақ өрнектерімен қондырылып, залдың қабырғалары ұлттық ою-өрнектермен безендірілген. Зал интерьерінде Астана қаласы мен Бурабайдың көріністері, Бәйтерек бейнеленген 3D форматындағы сағаты және қазақша сувенирлер бар шкаф айрықша орын алады. Терезедегі көркемді витраждар және әсерлі кілем «Астана» залына ерекше салтанаттылық береді.

Осы шараның барысында Ш. Нұрышев ШЫҰ Хатшылығындағы тематикалық залдарды жасау идеяларын қазақ тарапы жүзеге асырғандығын және Астана залының ашылу шарасы, біріншіден мәдени өзгешелік пен қазақ өнерінің байлығын көрсеткендігін атап кетті. Сонымен қатар Д. Мезенцев Астана залының айрықша, қазіргі заманға сәйкестігін және оның жабдықтары Қазақстанның жас астанасы даму барысында халықаралық имиджіне сай екендігін атап өтті.




Яндекс.Метрика