Халықаралық интеграция

Швейцария кәсіпкерлері Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі негізгі тұтыну нарығы ретінде қарастырады

Цюрих қаласында ҚР Швейцариядағы Елшілігі Германия экномикасының Орталық Азиядағы өкілдігі және Швейцария - ТМД бірлескен сауда палатасымен бірлесіп, АВВ концернінің қолдауымен «Бүгінгі Қазақстан: Швейцариямен инвестициялық және сауда ынтымақтастығының жаңа стратегиялық басымдықтары мен мүмкіндіктері» тақырыпқа дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Әлемде26 Наурыз , 08:54

ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, шараға серіктестікті ұлғайтуға және жаңа нарықтарға шығуға мүдделі швейцариялық іскер топтарының өкілдері қатысты.

Шараға қатысушыларға жаһандық қаржы дағдарысының салдарын тиімді өтуге бағытталған Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол» атты Қазақстан халқына жолдауындағы шешуші бағыттары түсіндірілді.

Форумның негізгі баяндаушысы, Германия экономикасының Орталық Азиядағы өкілдігі басшысының орынбасары Ғалия Жүнісәлиева қатысушыларды ҚР Үкіметінің елдің инвестициялық тартымдылығын және бизнес климатты арттырудағы шаралары, Қазақстан экономикасының басымды секторлары, бизнес жүргізудің талаптары, еліміздің әртүрлі секторларында жоғары іскерлік белсенділік танытқан елдер үшін жеңілдетілген визалық рәсімдерімен таныстырды.

Швейцария экономиксының әртүрлі салаларының өкілдері іскерлік ынтымақтастыққа тұрақты қызығушылық білдіріреді және Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі негізгі тұтыну нарығы ретінде қарастырып, экономиканы либерализациялау және шетел компаниялары үшін инветициялық тартымдылықты арттыру саласындағы мемлекеттің саясатын жоғары бағалайды.

Швейцария Конфедерациясы Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады – 2014 ж. сауда айналымы 4,7 миллиард АҚШ долларынан асты, және инветорлар – 12 миллиард АҚШ долларын 2005 ж. бері тікелей жалпы инвестициялар ретінде құйған.




Яндекс.Метрика