Білім беру

Ұлттық қорғаныс университеті мен ҚМЭБИ бірлескен меморандумға қол қойды

Осы жылдың сәуір айында Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің магистрант офицерлері ҚМЭБИ (Қазақстандық менеджмент, экономика және болжам жасау институты) университетінің бағдарламасы бойынша оқытыла бастайды., деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Астана қаласы 26 Наурыз, 08:36

Бастапқыда құрамы он адамнан тұратын тыңдаушылар тобы белгіленді. Бірлескен даярлықтармен қатар, ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрларды қайта даярлауды ұйымдастыру, екі жоғарғы оқу орны бөлімшелерінің  оқу-жаттығу және ғылыми-зерттеу базаларында профессорлық-оқытушылық құрамды, магистранттар мен докторанттарды тағылымдамадан өткізу, сондай-ақ ақпарат және кітапхана ресурстарымен алмасу, бірлескен іс-шаралар  өткізу жоспарланып отыр.

Осы іс-шара екі жоғарғы оқу орнының арасындағы қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум арқасында іске асып отыр. Жоғарғы әскери оқу орнының бастығы генерал-майор Асхат Рыспаев атап өткендей, осы іс-шара арқылы еліміз Қарулы Күштері үшін жоғары білімнен кейінгі әскери кадрлар даярлығының үйлестірушісі ретінде университеттің мәртебесі артып отыр.

Бүгінгі таңда Ұлттық қорғаныс университетінде Қазақстанның, алыс және жақын шетелдің (Ресей, Беларусь, Украина, Чехия, Түркия және басқалары) 18-ден астам әскери және азаматтық жоғарғы оқу орындарымен әскери іс және әскери ғылым саласындағы ынтымақтастығы жолға қойылған.

 





Яндекс.Метрика