Өңірлік және халықаралық ықпалдастық

Лондонда Қазақстан және Британдық Кеңес ынтымақтастығының даму мүмкіндіктері талқыланды

Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ержан Қазыханов Британдық Кеңес төрағасы сэр Вернон Эллиспен кездесті.Кездесу барысында Қазақстан және Британдық Кеңес арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен даму мүмкіндіктері талқыланды, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Әлемде21 Наурыз , 15:48

Атап айтқанда, кездесуде «Ньютон - Аль-Фараби» Серіктестік бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ еліміздің Британдық Кеңеспен «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша өзара қарым-қатынасы жөніндегі мәселелер сөз болды.

Е. Қазыханов Қазақстанның кәсіби кадрлар дайындау, ағылшын тілін оқыту, білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибе мен инновациялық технологияларды тарту мақсатында британдық жоғары және орта оқу орындарымен тығыз жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

Сонымен бірге, тараптар Қазақ хандығының 550-жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойы және басқа да айтулы оқиғалар аясында ұйымдастырылатын мәдени іс-шараларды бірлесе өткізуге мүдделі екендіктерін жеткізді.

Британдық Кеңес Қазақстанда 1994 жылдан бастап жұмыс істейді. Ол мәдениет, өнер және білім беру салаларындағы түрлі жобаларды және қазақстандық серіктестермен бірлескен мәдени және білім беруге арналған іс-шараларды жүзеге асырумен айналысады.




Яндекс.Метрика