Адами капитал

Жамбыл облысының қариялар үйінде Наурыз мейрамына орай кеш ұйымдастырылды (Фото)

Наурыз мейрамына орай Жамбыл облысының этномәдени ұйымдарының «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы аясында Тараз қаласындағы 2 қариялар үйінде мерекелік концерт өтті.
Жамбыл 22 Наурыз, 11:09

Шараны мерекелеуге ҚХА мүшелері, «Жамбыл облысы әкімі аппаратының достық үйі», облыстың этномәдени ұйымдарының жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлады аймақтың ішкі саясат басқармасы.

«Аталмыш қайырымдылық концерттің мақсаты мен міндеті – қазақстандық этникаралық толеранттылықты насихаттау, ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету, азаматтық және қоғамдық институт ретінде ҚХА дәрежесінің нығаюы, еңбек ардагерлеріне құрмет көрсету», - делінген хабарламада.

Наурыз мейрамын тойлау алдында «Достық үйі» директорының орынбасары Р.Баушенов ардагерлерге алғысын білдірді. Отан алдындағы ерен еңбектерінің алдында басын иді.Сондай-ақ, Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады.





Яндекс.Метрика