Халықаралық интеграция

Ханойда Қазақстан-Вьетнам достығының қауымдастығын құру мәселесі талқыланды – ҚР СІМ

Ханой қаласында Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшісі Бекетжан Жұмаханов Вьетнамның Достық қауымдастық Ассоциациясының Төрағасы Ву Суан Хонгпен кездесті.
Әлемде 26 Наурыз, 10:39

«Кездесуге Ассоциацияның Еуропа істері жөніндегі бөлімшесінің меңгерушісі Фам Тхи Тхай, ресей/кеңес жоғарғы оқу орындары түлектерінің вьетнамдық Ассоциациясының Бас хатшысы Нгуен Тхи Минь Хиен және тағы басқа ресми тұлғалар қатысты», - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Вьетнамның Достық қауымдастық Ассоциациясы шетел мемлекеттермен достық және өзара тиімді ынтымақтастықты орнату мен ілгеріту мақсатымен құрылған әлеуметтік-саяси ұйым болып есептеледі. Қазіргі кезде Ассоциация құрамында 66 достық қауымдастығы жұмыс істеуде. ТМД елдерінен достық қауымдастығы Ресеймен, Украинамен, Беларуспен, Армениямен және Өзбекстанмен құрылған.

Кездесу барысында Елші Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдардағы Қазақстанның жетістіктері, ағымдағы ішкі саяси ахуал мен халықаралық аренадағы ынтымақтастығы туралы, сонымен қатар ҚР Конституциясы мен Қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығын, сондай-ақ Қазақ хандығының 550-жылдығын атап өту және 2017 жылы Астанада «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін ұйымдастыру жөнінде ақпарат жеткізді.

Б. Жұмаханов Қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдық мерейтойына аса көңіл бөлді. Елші Қазақстан 130 астам ұлттармен этностар бейбітшілік пен келісімде тұрып жатқан көпұлтты мемлекет екенін хабарлады. Бұл тұрғыда қазақстандық дипломат екі онжылдық ішінде Қазақстан экономиканың серпінді өсіміне негізделген саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісімнің бірегей моделін құра алғанын атап өтті. Бұған Қазақстанда этникааралық қарым-қатынастар дамуының фундаменталды институты болып қалыптасқан Ассамблеясы айтарлықтай үлесін қосқан болатын.

Сонымен қатар, кездесуде Б.Жұмаханов қатысушыларға Вьетнам тіліне аударылған ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол» Жолдауының мәтіні бар брошюраларды тапсырып, Қазақстанның кешенді индустриализациялауына қатысты Жаңа экономикалық саясатты іске асыру шеңберінде қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.

Төраға халықтық дипломатияны дамыту маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан-Вьетнам достығының қауымдастығын құру бойынша жан-жақты қолдау көрсетуге дайындығын білдірді. Оның айтуынша, Достық қауымдастығы екі елдер арасындағы өзара әріптестікті ілгерілету үшін маңызды құралы болады. Сонымен бірге, Ву Суан Хонг Вьетнам Достық қауымдастығы ассоциациясы мен Қазақстан халықтар ассамблеясы арасындағы ынтымақтастықты орнатуға қызығушылық білдірді.

Сұхбат қорытындысы бойынша Ву Суан Хонг Ассоциация атынан Елшілік әрдайым сенімді әріптестер мен достарға ие болатынын қуаттады.

 





Яндекс.Метрика