Ұлттың денсаулығы

2014 жылы медициналық қызметтер көрсету саласында 2,5 мыңнан астам тексеру жүргізілді

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (МФҚБК) денсаулық сақтау нысандарына 2,5 мыңнан астам тексеру жүргізді.
Казахстан23 Наурыз , 11:58

Комитет мамандары тексерулер барысында сертификатсыз немесе лицензиясыз заңсыз медициналық қызметпен айналысу, стандарттарды сақтамау және медициналық көмекті сапасыз көрсету, сырқаттық парақшаны беруде ережелерді бұзу, этика және деонтология нормаларын сақтамау сияқты жағдайларды анықтады, деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Өткізілген барлық тексерулердің нәтижесінде өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына тиісті шара қолдану үшін актілер жолданды.   

Еске сала кетейік, ағымдағы жылғы 17 ақпанда өткен ҚР ДСӘДМ кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Тамара Дүйсенова пациенттердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылдан бері еліміздің барлық медициналық ұйымдарында ашылған пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметтерінің жұмысы күшейтілетінін мәлімдеген.  

Атап айтқанда, денсаулық сақтау басқармалары мен ведомствоға қарасты медициналық ұйымдар арасында 2014 жылы қол қойылған меморандумдарға төмендегідей толықтырулар енгізу жоспарлануда:

-қызмет мамандарының санын арттыру (қызметті білікті және жауапты медициналық қызметкерлермен жасақтау);

-сенім телефондарының тиімді қызметін ұйымдастыру;

-тіркеу, қабылдау бөлімдерінде, дәрігерлер бөлмелерінде және пациенттер күтетін өзге де орындарда медициналық ұйымдардың, денсаулық сақтау басқармаларының сенім телефондарын және өңірлік call---- -    -орталықтардың телефон нөмірлерін орналастыру; 

-пациенттердің хабарламаларына қызмет сарапшыларының жедел ден қоюын қамтамасыз ету (арыз-шағымдарға арналған жәшіктерге келіп түскен жазбаша хабарламаларға 5 күнге дейін жауап беру; медициналық ұйымның бірінші жетекшісінің блогына түскен хабарламаларға 3 күн ішінде жауап беру);

- қызмет жұмысына қатысты ақпараттық-білім беру материалдарын (плакаттар мен буклеттер, бейнероликтер көрсету) таратуды қамтамасыз ету;

- өңірлерде (облыстар, Астана мен Алматы қалаларында) пациенттердің кез-келген сұрақтарына жауап бере алатын білікті дәрігерлермен жасақталған, тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталықтардың қызметін ұйымдастыру.

 

 

       




Яндекс.Метрика