Инвестициялар

Неміс инвесторлары қазақстандық нарыққа кірді (ВИДЕО)

Астанада әйгілі неміс бренді KARE шоурум-дүкені ашылды.
Астана қаласы 20 Наурыз, 21:20

«Біз KARE неміс бренді қазақстандық нарықты таңдағанын мақтан тұтамыз, дүкеннің ашылуы Астана қаласында өткені қуантады. Астана Қазақстанда KARE брендінің шоурум-дүкенін ашуға мүмкіндік берген алғаш қала.  Қаланың экономикалық жағдайы, тұрақты, қажеттілігі жоғары. Бізде оған мүмкіндік бар, қалауымыз да сол. Неміс инвесторлары қазақстандық нарыққа еңселерін көтеріп кірді», - деді Қазақстандағы KARE дүкенінің маркетологы Гүлнар Джейлан.

Болашақта KARE брендінің дүкенін ашу Алматыда жоспарланған. Неміс өкілдіктері Қазақстанда фирмалар мен компанияларды белсенді ашып жатқаны белгілі.

Бүгінгі таңда KARE 30 жылдық тарихы бар жаһандық бренд, жиһаз дүкендер желісі Ливаннан Бельгия сынды елдердің 60 шақтысын қамтыған.

Камила Амирова

 

 

 

 





Яндекс.Метрика