«Бүгінгі таңда 2020 жылға дейінгі аралықты қамтитын «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы құрылған. Оның аясында тұрғын үй құрылысын салуға 808,6 миллиард теңге бөлу қарастырылған. Сонымен қатар, құрылыс алаңдарын дамыту үшін жылу, газ, сумен қамтамасыз ету сияқты коммуникациялық жүйелер жетілдіріледі»-деді Н.Логутов.
Бұған қоса оның сөзінше, Алматы, Астана, Көкшетау, Қостанай, Семей қалаларында «Нұрлы жол» бағдарламасының аясындағы жалдамалы пәтерлер берілген. «Кезекте тұрған азаматтарға 1 мың 400-ге жуық пәтерлер берілді»,-деді депутат.
Индира Кауметова