Астана қаласының мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері үш елдің көшбасшыларына Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Болашақ» халықаралық стипендиясы сияқты бірегей жобалар туралы, сондай-ақ республиканың стратегиялық даму бағдарламалары жөнінде айтып берді.
Сонымен қатар, Владимир Путин мен Александр Лукашенкоға екі бөліктен тұратын электрондық кітапхана таныстырылып, оқырман билеттері табыс етілді.