Адамзаттық капитал

Елордада 6 ардагер жаңа пәтердің кілттерін алды

Бүгін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы және Наурыз мейрамының қарсаңында Астана қаласының әкімдігінде елордада тұрып жатқан бірқатар соғыс ардагерлеріне мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген пәтерлердің кілттері табысталды, деп хабарлады қала әкімдігі.
Астана қаласы20 Наурыз , 19:47

«Кілттерді табыс еткен Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин ардагерлерді келе жатқан Наурыз мейрамымен және Жеңіс күнімен құттықтап, оларға зор денсаулық тіледі», - делінген хабарламада.

А. Лукин өз сөзінде майдангерлердің ерен ерліктерінің арқасында бүгінгі ұрпақ бейбіт күн кешіп, ашық аспан астында өмір сүріп жатқандығын атап өтті.

Ұлы Отан соғысының 6 ардагері «Тілендиев» тұрғын үй кешені мен Ш. Құдайбердіұлы көшесінде орналасқан «Мұнар» тұрғын үй кешеніндегі жаңа пәтерлерге қоныстанады.

 

 

 




Яндекс.Метрика