Евразиялық одақ

ЕАЭО-ның ішкі нарығын өз тауарымызбен толтырған жөн – Лукашенко

ЕАЭО-ның ішкі нарығын өз тауарымызбен толтырған жөн, деді Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Қазақстан, Ресей және Беларусь Президенттерінің үшжақты кездесуінің қорытындысы бойынша өткен бірлескен мәлімдемеде.
Астана қаласы20 Наурыз , 17:23

«Біздің екіжақты кездесулеріміз – 1 қаңтарда өз күшіне енген ЕАЭО мен оның дамуына негіз болатын тәжірибе. Біз бүгін бар проблемаларды жасырмаймыз. Олар осы кездесуге себеп болып отыр», - деді А.Лукашенко журналистерге.

Экономикалық мәселелерге тоқталсақ, өткен жылы Еуразиялық экономикалық одақта тауар айналымы шамамен 15-16 пайызға төмендедi. Бұл үдерiс жақсы емес. Бiрақ бiз мұның себептерiн бiлемiз, бүгiн осы мәселелердi талқылап, осы жағдайдан шығу жолдарын айқындадық», - дедi Беларусь президентi. 

«Жедел шешудi қажет ететiн мәселелер бар. Елдер арасындағы тауар айналымын өсiру үшiн, әрине, өз тауарларымызды сату керек. Бiз осыны талқыладық, мұны бiз жақсы түсiнемiз. Яғни, iшкi нарығымызды өз тауарларымызбен толтыру керек, бұл өте маңызды мәселе. Мұнымен қатар, кедергiлердi жойған жөн, мұнай мәселе болмауы тиiс. Сонда ғана тауар айналымын арттыру жеңiл болады», - деп атап өттi А.Лукашенко.

Камила Амирова

 

 




Яндекс.Метрика