Евразиялық одақ

ЕАЭО аясында валюталық одақтың құрылуы туралы айтар кез жетті – Путин

ЕАЭО аясында валюталық одақтың құрылуы туралы айтар кез жетті, деп хабарлады Ақордада өткен үш елдің бірлескен мәлімдемесінде Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин.
Астана қаласы20 Наурыз , 17:04

«Біздің үш елді тығыз сауда және инвестициялық байланыс ұштастырып отыр. Үш елдің ЖІӨ-сі ТМД жалпы өнімінің  85  пайызын құрайды. Ғылыми әлеуеті мен өндірістік нарықты қалыптастырамыз. Серіктестерімізбен монеталық саясаттың үлестіруді жалғастыру сұрақтарын қарастырдық. Валюталық одақты қалыптастыру мен құру туралы айтар кез жетті», - деді В.Путин.

Интеграциялық байланыс пен ЕАЭО-ның құқықтық базасын дамыту үшін осы жылы 100 маңызды құжат қабылдау жоспарланып отыр. Оның ішінде Кедендік одақ, электр энергиясының ортақ нарығын қалыптастыру сынды сұрақтар қарастырылады.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша Ресейдің Қазақстан және Беларусьпен тауар айналымының көлемі 60 млрд долларды құрады. Өз тарапынан Беларусь пен Қазақстан Ресейдің сауда балансында үшінші орынға ие. Үш елдің маңызды бағыты өндірістік-технологиялық кооперация болып саналады. Машина жасау саласында бірлескен жобалар жүзеге асырылып тұрады. Ғарыш саласында 2016 жылға дейін Байқоңыр ғарыш айлағын қолдану бойынша жол картасы жүзеге асырылуда», - деді В.Путин.

Камила Амирова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика