Евразиялық одақ

Н.Назарбаев: 2015 жыл ЕАЭО үшiн сын-қатерге толы жыл болады

2015 жыл Еуразиялық экономикалық одақ үшiн сын-қатерге толы жыл болады. Бұл туралы Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттерiнiң бірлескен мәлімдемесі барысында Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Астана қаласы20 Наурыз , 16:43

«Осындай сын-қатерлер болуы мүмкiн екенiн бiз болжадық. Қазiр бiздiң мiндетiмiз осы мәселелердi талқылап, келiсiмге келу болып отыр. 2015 жыл Еуразиялық экономикалық одақ үшiн үлкен тәуекел, орасан сын-қатерлер жылы болады. Осы ретте биылғы жылғы мiндеттерiмiздi бiз одақтың өзге мүшелерiнiң қатысуымен талқылайтын боламыз. Әрине, Украина дағдарысына қатысты түйiткiлдер бойынша да пiкiр алмасқымыз келедi», - деді Елбасы.

«Санкциялар Ресейге әсер етедi, ол арқылы бiздiң мемлекеттерге де ықпал жасайды. Осы мәселелер төңiрегiнде ой бөлiсiп, келесi кездесулер бойынша келiсiмге келемiз.Қазақстан биыл ТМД-ға төрағалық етедi, Беларусь Еуразиялық экономикалық одақтың төрағасы, күзде ТМД елдерiнiң мемлекет басшылары Қазақстанда, 9 мамырда Мәскеуде кездесемiз. Яғни, екiжақты, көпжақты кездесулер алдағы уақытта көп өтедi», - деген Н.Назарбаев мұндай кездесулердiң маңызды екенін атап өттi.

Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақта да тауар айналымы 2014 жылы төмендегенiн атап өттi. 

«Бүгiнгi ресми емес, достық кездесуiмiздi өткiзу үшiн шақыруымды қабылдағандарыңыз үшiн зор алғысымды бiлдiремiн. Менiң ойымша, бүгiнгi дағдарыс тұрғысынан әлемде болып жатқан оқиғаларды талқылау қажет болды. 2007-2008 жылдардағы дағдарыс АҚШ-тан басталды, ал бүгiнгi әлемдiк және өңiрлiк дағдарыс энерготасымалдаушылар мен бiздiң тауарлар бағасының күрт төмендеуiнен туындады», - дедi кездесуде Н.Назарбаев. 

Камила Амирова 




Яндекс.Метрика