Энергияның балама көздерін дамыту

Қазақстанда энергияүнемдегіш компанияларды іске қосатын тетік ойластырылды

Қазақстанда жаңа нысандар құрылысын жүргізу кезінде инновациялық әдістерді қолдана алатын энергияүнемдегіш компанияларды іске қосатын тетік ойластырылды. Бұл туралы ҚР Президентінің Орталық коммуникациялар қызметінде Парламент Мәжілісінің депутаты Виктор Киянский мәлім етті.
Астана қаласы20 Наурыз , 15:52

 «Біз энергияүнемдеу мен энегрия тиімділігіне қатысты заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгіздік. Енді осы заңнама жаңа нысандардың құрылыстарын жаңа сапалы деңгейге көтереді. Осы заңнамаға сәйкес, бүгін елімізде салынып жатқан барлық нысандар онда жылу есептегіш құралдар болғанда ғана, онда да  тәулік бойына теңдестірілген есептегіш құрал болғанда ғана қабылданатын болады. Әрине, құрылыс барысында міндетті түрде энергияүнемдегіш материалдарды пайдалануымыз керек. Өйткені салынған ғимараттардың қандай да бір энергияүнемдеуші дәрежелері болуы керек», -деді депутат.

Оның сөзінше, аталған бағыттағы жұмыстар тиімді жүзеге асуы үшін елімізге энергияүнемдегіш, яғни инновациялық жобалар бойынша тиімді жұмыс істей алатын, жаңа технологияларды білетін компаниялар керек.

«Жаңа заң талаптарына сәйкес, энергияүнемдегіш компаниялар заңдастырылып, энергиясервистік келісімдер жасалуда. Ал төлем – арнайы келісімде көрсетілген, салынатын нысандардағы энергияресурстардың үнемі есебінен төленеді. Яғни жаңа құрылғыларды қосу үшін мемлекеттен ешқандай қаржы бөлінбейді», -деп нақтылады В.Киянский.

Халық қалаулысының пікірінше, бұл тұрғын үйлерді жаңа заман талаптарына сай салуға мүмкіндік беретін өте маңызды өзгерістер.  

Индира Кауметова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика