2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Шет мемлекеттердегі қазақстандық студенттік ұйымдар «Қазақстан 2050» жалпыхалықтық қозғалысының аясына топтасуда

Мария ханшаның Лондондық университетінде Наурыз мерекесін атап өту шараларының аясында қазақстандық студенттік ұйымдардың өкілдері «Қазақстан 2050» жалпыхалықтық қозғалысының аясында шетелдегі қазақстандық студенттердің бірыңғай ұйымын құру жобасын таныстырды.
Әлемде 21 Наурыз, 12:51

«Қазақстан 2050» қозғалысының аясында Наурыз мерекесін атап өту шарасында оған қатысуға ниет білдірген барлық азаматтар болды. Олардың арасында студенттер мен жоғары оқу орындарының ғалымдары мен іскерлік топтар мен диспора өкілдеріне дейін болды. Ұйымдастырушылар онда қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған студенттік ұйымдар туралы айта келіп, жаңа бірыңғай ұйым құру мәселесі жөнінде сөз қозғады. Бұл ұйым шет мемлекеттерде оқып жүрген барлық студенттердің мүдделерін қорғайтын болады.  

«Жаңа жоба шет мемлекеттерде оқып жүрген студенттерді белсенді түрде тартып, олар елге инвестиция тарту, еліміздің сауда-экономикалық және туристік әлеуетін арттыру, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық деңгейдегі мүддесін қорғау бағытындағы жаңа жобаларды жүзеге асыруға атсалысатын болады»,-делінген жалпыхалықтық қозғалыс таратқан мәліметтерде.  

Бүгінгі таңда әлемнің 17 мемлекетінде қазақстандық студенттердің 70-тен астам ұйымдары бар.

 

 

 





Яндекс.Метрика