Өңірлер

«ҚазАгро» Ұлттық холдингі ауылдағы Несиелік серіктестердің қатарын 50 мыңға жеткізуді жоспарлауда

Қазақстандағы Несиелік серіктестер /НС/ жүйесі 10 мыңнан астам фермерлерді құрайды, дегенмен жақын болашақта жүйе қатысушылары санын 50 мыңға жеткізуге болады, деп хабарлады Ұлттық компания.
Казахстан25 Наурыз , 12:14

Аймақтық конференцияда айтылғандай, эволюция жағдайы жүруде – алғашқы кезеңде жүйені құру міндеті тұрды, оған дамуына серпін беріп, қораландыруда мемлекет көмектескен болатын.

 «Қатысушылар саны артып келе жатқаны анық, бірақ бюджет мүмкіндіктері шектеулі. Сондықтан фермерлерду қолдаудан мемлекет бас тартып жатқан жоқ, бірақ жаңа құралдарды енгізуде. Бұрында фермерге 100 теңге беру үшін бюджеттен 100 теңге алу керек болғын, ал қазір пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жүйесін ескере отырып, 100 теңге беру үшін бюджет есебінен 7 теңге алынады. Және осы жолмен «Аграрлық несие корпорациясы» қызмет атқаруда» - деп «ҚазАгро» басшысы атап өтті.

Несиелік серіктестер қорландыру тақырыбын жалғасытар отырып Дәурен Махажанов: бүгінгі күні бұл бірлестік 100 пайыз жекеменшік қаржылық институт, онда иелері және құрылтайшылары фермерлердің өздері болып табылатынын айтты және оның пікірніше бұл институт бір ғана қорландыру көзіне тәуелді болуы дұрыс емес. «Біз Несиелік серіктестердің нарықтағы өз орны бар қаржы институты болуын қалаймыз, және оған даму бағытын беріп, халықаралақы стандарттарға сәйкес қылсақ, онда НС банктер үшін өте қажет клиент ретінде қалыптасады.

Яғни, Аграрлық несие корпорациясы қорландыруды тоқтатады деп қорқуға себеп жоқ, керісінше, сіздерде жаңа қорландыру көздері көбееді деп қабылдау қажет. Бірақ, бұған барлығымыз бірге келуіміз керек, НС-нің тәуекелдерді басқаруда, мақсаттық қолдануды бақылау саласында дұрыс қызмет атқарып жатқанын дәлелдеуіміз керек. Осындай орнықты заттарды қалыптастырсақ, шетел несиелендірушілері осындай бірлестіктерді кепілдемесіз несиелендіруге дайын, сонда қазақстандық НС деген қызығушылық пайда болады» - деп оз сөзінде Дәурен Махажанов айтты.

Агроөндірістік саладағы Несиелік серіктестер Ассоциациясы мәліметтеріне сәйкес  НС - 2001 жылы «Аграрлы несие корпорациясы» АҚ арқылы мемлекеттің қолдауымен ауылшаруашылығы тауарөндірушілерін төмен пайызды несиемен қамтамасыз ету мақсатында ауылдық жерлерде құрыла бастады. Қазіргі кезде Қазақстанда 170-ке жуық несие серіктестігі (НС) мен 11 мыңға жуық ауылшаруашылығы тауарөндірушілерінің (АШТӨ) басын қосады. Олардың ішінде шаруа қожалықтары – 82% болса, ЖШС-тер – 10%, өзге де санаттағы ұйымдар (АҚ, КК, ЖК және т.б.) – 8 %-ға тең. Бүгінде Несие серіктестігі елдегі Маңғыстау мен Атырау облыстарының кейбір аудандарын қоспағанда аудандық деңгейдегі ауылдық жерлердің 93 пайызбен қамтиды. НС қызметін тұтынғандардың басым бөлігі Ақмола мен ОҚО облысында әр өңірге 18-ден және Алматы мен ШҚО – 17-ден тең келеді. Ал Несие серіктестігінің жарғылық капиталының жалпы көлемі 9 млрд теңгеге жуықтайды. Соңғы кезде Несиелеу серіктестігі «Аграрлы несиелеу корпорациясымен» бірлесе отырып, жыл сайынғы несиелендіру көлемін ұлғайтты. 2012 жылғы қаржыландырудың жалпы сомасы 15,5 млрд теңге болса, 2013 жылда 19 млрд, ал 2014 жылды бұл көрсеткіш 26 млрд. теңгені құрады.  

 

 




Яндекс.Метрика