Адами капитал

«Казақмыс» Ұлттық компаниясы кәсіпорындарының ұжымдары Наурыз мейрамын тойлауда

Қазақмыс компаниясы өндірісінің барлық бөлімдерінде елімізбен бірге жыл сайын көктем мерекесі -Наурыз тойын тойлау дәстүрге айналған.
Казахстан21 Наурыз , 11:42

Компанияға қатысы бар, барлық қалаларда 22 наурыз күні киіз үйлер тігіліп, мерекелік мол дастархандар жайылып, тамаша мереке ұйымдастырылады.

«Биылғы жылы да Қазақмыс белгісімен белгіленген киіз үйлер Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев, Балхаш қалаларында өз қонақтарын қарсы алады. Кеншілер қаласының ортасында, Кеншілер сарайының алдында бірінші рет бес киіз үйден құрылған «Қазақмыс» ауылы орналастырылады», - делінген хабарламада.

Олардың бірінде қонақтарды тек қана мерекелік дастархан ғана емес, қызықты сұрақтар мен керемет мерекелік ойындар да күтеді. «Қазақмыс» ауылында өнерлі жандарға шағын сахна мен түрлі спорттық сайыстарға арналған орын да қарастырылған.

Мерекеге келген қарағандылықтар бишілер тобының орындауындағы билер мен қазақ халқының дәстүрлі әндері орындалады. Сонымен бірге қалауы бойынша арқан тарту, армстерлинг, қазақша күрестен сайысқа түсе алады. Осындай мерекелік іс-шаралар Жезқазған, Сәтбаев, Балхаш қалаларында да ұйымдастырылады. Еңбек озаттарына, соғыс және еңбек ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіледі. 




Яндекс.Метрика