Евразиялық одақ

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер Ұлы Жеңістің 70 жылдығында ұйымшылдық таныту керек -Лукашенко

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өту кезінде ауызбірлік таныту керек, деді бүгін Беларусь Президенті А. Лукашенко Астанада өтіп жатқан Қазақстан, Ресей Беларусь мемлекеттері басшыларының үшжақты кездесуінде.
Астана қаласы20 Наурыз , 14:49

«2015 жыл Еуразиялық экономикалық одақ үшін үлкен тәуекел, үлкен сынақ жылы болғалы тұр. Біз бұл  мәселені әлі өзге мемлекет өкілдерімен де талқылаймыз, мемлекеттеріміздің арасындағы сауда мәселесі мен биылғы жылы не істейтінмдігімізді ортаға саламыз. Біз Ресейге ерекше ықпал етіп отырған санкциялар мен Украина дағдарысы бойынша да пікір алмасамыз. Біз белсенді әрі жедел кездесіп, қалыптасқан жағдай бойынша өзара келісімде болуымыз керек», -деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде, Беларусь Президенті Александр Лукашенко Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ЕУЭО-ға мүше мемлекеттердің ерекше ауызбірлік танытуы қажет екендігін атап өтті.    

«Уақыттың тығыздығы бізге жыл сайын жүздесіп, алдағы сын-қатерлер бойынша тиісті шаралар қабылдауды қажет етіп отыр. Біз құрған Одақ экономикалық және уақыт өткен сайын біз бұл шешіміміздің дұрыстығына көз жеткізіп келеміз. Аталмыш одақ аясында бізге  ықтимал сын-қатерлерге жауап беру керек. Бұл одақтың құрылуы үшін көптеген мемлекеттер үлкен күш салды. Біз өзімізден басқа өзге де одақтастарымыз бар екендігін ұмытпауымыз қажет және біз осы ұйымның құрылуына ұйтқы болған мемлекеттер ретінде болашақ бағыттардың қалай болуы қажеттігін ұсынуымыз керек. Ал, 70 жылдықтың қарсаңында бізге бірге болу керек екендігі айдан анық»,- деді А.Лукашенко.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика