Ұлттың денсаулығы

ҚР ҚМ-нің әскери госпиталінде жаңа операциялық блок салынды

Қазақстан Республиикасының Қорғаныс министрлігі Бас клиникалық госпиталінде аталмыш мекеменің дәрігерлері, 20 жылдық тәжірибесі бар польшалық инженерлер мен архитекторлардың ұсыныстары негізінде жаңа операциялық блок салынды.
Астана қаласы 20 Наурыз, 20:03

«Жаңа ықпалдастырылған ALVO операциялық блогі  – науқастарға операция жасау кезінде олардың инфекция алу мүмкінлддігін шектейтін жаңа медициналық құрылғы.  Ол ең жоғарғы қауіпсіздік және тазалық стандарттары негізінде жасалған. Барлық бөлшектері экологиялық жағынан таза, тат баспайтын халықаралық стандарттарға негізделген құрыштан жасалған және денсаулық сақтау жүйесінің барлық талаптарына жауап береді»,-делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз мәліметтерінде.

ҚР Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталінің бөлім қызметкерлері мен техникалық мамандары осы уақытта бұл құрылғылардың ерекшеліктерімен және оны пайдалану тәсілдерімен танысып үлгерді.  Аталмыш құрылғы медициналық операцияны теріге аз ғана зақым келтіре отырып жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы электрохирургиялық құралдар мен құрылғылар және бекітіліп, ықпалдастырылған модульді операция бөлімі әскери азаматтар мен олардың туыстарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыруға ықпал етеді.      

   

 





Яндекс.Метрика