Адамзаттық капитал

«Шығыс» ӨңҚ әскери қызметшілері «ауғандық» жауынгерлер отбасын наурыз мейрамымен құттықтады

Мереке қарсаңында қазақстандық әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Ауған соғысына қатысушылардың отбасыларын құттықтауда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Шығыс Қазақстан 25 Наурыз, 11:35

Семей гарнизонында орналасқан «Шығыс» өңірлік қолбасшығына қарасты 44793 әскери бөлімінде осы игі дәстүр қолдау тапты. Бөлім командирі подполковник Дәурен Заданов майор Владимир Отрощенконың артында қалған жұбайын келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, алғысын білдірді.

 «Менің күйеуім Семей қаласындағы артиллерия полкінде қызмет етті, әскери қызметшілердің дене даярлығымен айналысты. Ауғанстанға  аттанып, 1981 жылы Шинданта қаласында жауынгерлік операция орындау барысында қаза тапты» - деп Татьяна Отрощенко әңгімелеп берді. Біздің көптеген отандастарымыздың тағдыры Ауғаныстандағы соғыспен тығыз байланысты. Оларға деген деген біздің ықыласымыз бен қолдауымыз, өмірін соғыс жалмаған әрбір туысы, жақындары мен таныстары туралы естелік аса маңызды.

 «Даңқты офицерлеріміз мен сарбаздарымыздың қаһармандығы біздің есімізде. Тіпті қанша жылдар өтсе де олардың ісі ерлік пен батылдық үлгісі болып қала береді. Олар біздің Отанымыз үшін жауапкершілік сезімін, әрбіріміздің оны қорғау жөніндегі маңызды мемлекеттік міндетті орындап жүргеніміз туралы түсінікті оятады», - деп подполковник Дәурен Заданов атап өтті.

 Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 26 жыл толып отыр. Аман-есен елге оралған «ауғандық» жауынгерлер бүгінгі таңда әскери қызметшілердің ерліктерінен өнеге алатын қазақстандық өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге ат салысып, белсенді жұмыс жүргізіп келеді. 

 





Яндекс.Метрика