Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшылары үш елдің өзара сауда және экономикалық ықпалдастығын тереңдету мәселелерін қарастырады. Сонымен қатар президенттер әлемдік экономиканың даму үрдістерін және Украинадағы ахуалды талқылайды.
Айта кетейік, осыған дейін 19 наурыз күні Қазақстан Президенті елімізге жұмыс сапарымен келген Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездескен болатын. Қазақстан Президенті үш мемлекет басшысының алдағы кездесуі ынтымақтастықтың қазіргі кездегі өзекті және перспективалық мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретінін айтты.