Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ОСК ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттерден алғашқы 13 байқаушыны аккредиттеді

Орталық сайлау комиссиясы «2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлады ОСК.
Астана қаласы20 Наурыз , 14:18

Осы қаулыға сай Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша алты шет мемлекеттен 13 байқаушыны аккредиттеді. Олардың ішінде: екі-екіден – Германия Федеративтік Республикасынан, Грузия мен Израиль мемлекетінен; үш-үштен – Нидерланд Корольдігі мен Хорватия Республикасынан, біреуі – Эстония Республикасынан. 

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2015 жылғы 20 сәуірге дейін жүзеге асыратын болады.  

Отырыстың шеңберінде Ортсайлауком мүшесі Т. Охлопкова Орталық сайлау комиссиясы сайлау процесінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізіп отырғанын атап көрсетті. 

 «Бұл тек басы ғана. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының барысын байқауға қатысатын халықаралық байқаушылардың саны бұдан әрі арта бермек, өйткені сайлау науқанына қызығушылық жоғары», - деді Т. Охлопкова.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика