Парламент

Мәжіліс бітімгершілік қызмет туралы заң жобасын қарайды

Бүгін Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 20 Наурыз, 14:34

Депутаттар назарына «Бітімгершілік қызмет туралы»  заң жобасын ілеспелі түзетулермен бірінші оқылымда, ал,  «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы» заң жобасын ілеспелі түзетулермен екінші оқылымда қарау ұсынылады.           

Сондай-ақ, Мәжіліс жалпы отырыста екі ратификациялық құжат бойынша, атап айтсақ, Қырғыз Республикасымен Шекара ауданындағы сенім шаралары жөніндегі келісімді және Шекара өкілдерінің қызметі туралы қазақстандық-қырғызстандық үкіметаралық келісімді ратификациялауға қатысты заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындайды.  





Яндекс.Метрика