Мәдениетті жаңғырту

АҚШ-та Наурыз мейрамына орай гала-кеш өтті

Наурыз қарсаңында АҚШ астанасы Вашингтонда көктем мерекесіне орай гала-кеш өтті, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Әлемде21 Наурыз , 10:36

«Қаланың ең байырғы да әдемі залдарының бірінде бесінші рет өткізіліп отырған осы жарқын да әсерлі шара американ элитасының зайырлы қабылдауларының астаналық күнтізбесіне нық орнын тапқан. Осындай мақсат үшін американдық жебеушілер мен Қазақстан Елшілігі бастамасымен құрылған бейкоммерциялық және қайырымдылық ұйымы – «Наурыз» комиссиясы өткізген гала-кеш бұрынғы жылдардағыдай бес жүзден астам Ақ үйдің, Мемлекеттік департаменттің, Конгрестің, дипломатиялық корпустың, іскери және қоғамдық орталар өкілдерін жинады», - делінген хабарламада.

Кеш бағдарламасында Жібек жолы аймағынан келген музыканттардың дәстүрлі концерті мен Евразия және Таяу Шығыс елдерінің қолдауымен көркемді этникалық бұрыштар қонақтар назарына ұсынылды. Онда осы ежелгі мейрамды мерекелейтін елдердің мәдениеті мен дәстүрлері ерекше айқындалды. Қазақстан бұрышында бауырсақ пен дәстүрлі тәттілерден дәм татып, ел туралы кітаптар мен материалдарды алуға, сондай-ақ ҚР-дың заманауи даму жолы туралы бейнематериалын тамашалауға мүмкіндік беріп, ерекшеленді.

«Наурыз» комиссиясының құрметті теңқұрушысы ретінде Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов шара қонақтарына бейне-құттықтауын арнап, мейрам философиясын түсіндіре отырып, қонақжайлығымен танымал біздің аймаққа келуге шақырды. Атап өткен жөн, «Наурыз» комиссиясы 2010 жылы Қазақстанның АҚШ-тағы бұрынғы Елшісі, Сырты істер министрі Ерлан Ыдырысов, қоғам қайраткері Бижан Киян және әйгілі филантроп Насер Каземини бастамасымен көктем мейрамын Америкада дәріптеу мақсатында құрылған.

Сонымен қатар, шара барысында «Наурыз» комиссиясының төрағасы Н.Каземиниге салтанатты түрде ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтың сыйы табыс етілді. ТҮРКСОЙ да Америка мен Европада Наурыз мейрамын дәріптеумен белсенді айналысып жүрген ұйым екендігі ерекше аталып өтті.

Шараға қатысушылар Қазақстанда, Ауғанстанда, Әзірбайжанда, Грузияда, Иракта, Қырғызстанда, Ресейде, Тәжікстанда, Түркияда, Түрікменстанда, Украинада Наурыздың қалай мерекеленетіндігі туралы бейне материалды тамашалап, бұл мейрамды бірлесе мейрамдаудың Америкада дәріптеуге септігін тигізіп қана қоймай, Еуразия мен Таяу Шығыс халықатарының өзара достығын нығайтуға да оң әсер ететіндігін тілге тиек етті.

 




Яндекс.Метрика