Халықаралық интеграция

Әлемдік экономикада болып жатқан жағдайды бірлесіп жұмыс істеу арқылы еңсеруге болады - Путин (ФОТО)

Әлемдік экономикада болып жатқан оқиғаларды бірігіп жұмыс істеу арқылы еңсеруге болады, деді Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин ҚР Президентімен болған екі жақты кездесу барысында. Кездесу Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь елбасыларының бас қосуы аясында өтті.
Астана қаласы 20 Наурыз, 13:48

«Нұрсұлтан Әбішұлы, ағымдағы  оқиғаларды талдау үшін  кездесуге ниет білдіріп, шақырғаныңызға рақмет. Мен Қазақстанға қонақа үлкен қуанышпен келем. Бұл біздің серіктестеріміз бен одақтастарымыздың ішінде ең жақын тараптардың бірі. Әлемдік экономикада болып жатқан жағдай нарықтардағы оқиғаларды алсақ күрделі. Менің ойымша, сіздің тікелей қатысуыңызбен Қазақстанда және бүкіл посткеңестік кеңістікте экономика қызметі мен әлеуметтік саладағы жағдайларды еңсеруге көмек береді», - деді В.Путин.

«Әлбетте, біз осы күнге дейін сияқты біз бірге боламыз, бүгінде орын алған күрделі жағдайдан жұмыла шыққанымыз жөн. Осы шақырылымды біздің екі жақты қарым-қатынасымызды  талқылау мен әлемдегі интеграциялық проблемаларды шешу үшін қолданғанымыз жөн», - деді Ресей Федерациясының Президенті.

Камила Амирова

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика