Евразиялық одақ

Қазақстан, Ресей және Беларусь Президенттері ЕАЭО-ны қолдау бойынша шаралар қолданады

Біз 2015 жылдың 1 қаңтарында құрылған Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуын соңына жеткіздік, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті В.Путинмен өткен екіжақты кездесуде. Кездесу Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь елбасыларының бас қосуы аясында өтті.
Астана қаласы20 Наурыз , 13:31

«Өткен жыл оқиғаларға толы болды. Біздің ортамызда Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы талқыланды, ол 1 қаңтардан өз күшіне енген болатын. Өкінішке қарай, біздің одаққа үлкен сынақ төнді, мұнай мен өзге экспорттық өнімдердің экспорттық бағасы төмендеді. Біз мұндай қауіп болатынын болжадық. Украинадағы жағдайға  мүмкіндігімізше  араластық. Мен де араластым», - деді Н.Назарбаев.

ҚР Президенті алда бірқатар оқиғалар белгіленген. «Басты мереке ҰОС Жеңісінің 70 жылдығы болып отыр, күзде Қазақстанда өңірлік кездесу өтеді. Қойылған мәселелер шешілуде», - деді Елбасы.

«Меніңше, біз бейресми кездесу барысында елде және әлемде болып жатқан оқиғаларды талқылаймыз. Жаһандық әсер ету, ЕАЭО дағдарыстан қалай шығатындығын талқылаймыз. Бізге қатысты өзге сұрақтарды талқылайтын боламыз», - деді Мемлекет басшысы.

Камила Амирова

 




Яндекс.Метрика