Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

«Құрық» айлағы қазақстандық көлік тасымалы секторының мүмкіндіктерін кеңейтеді - ҚТЖ

«Құрық» айлағы қазақстандық көлік секторының тасымал мүмкіндіктерін кеңейтетін болады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы филиалы директорының орынбасары Абдур-Рашид Сакенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде мәлім етті.
Астана қаласы20 Наурыз , 13:38

«Құрық» темір жол-паромды кешені құрылысының аяқталуы Каспий аймағында сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуда жаңа мүмкіндіктер ашады. Аталмыш кешен Қазақстан арқылы өтетін эскпортық, импорттық және өзге де транзитті тауар айналымының көлемін арттыруға бағытталған, кешенді логистикалық қызметтерді атқаратын көлік-логистикалық байланыстардың жалғасы болады»,-деді ол.

Сонымен қатар, А.Сакенов түркиялық компаниялардың бірінің өкілдерінің «Құрық» айлағының жанынан паром құрастырғылары келетіндіктерін айтты.

«Қазіргі таңда біз түркиялық компания өкілдерімен өндіріс базасын құру жөнінде келіссіздер жүрігзудеміз»,-деді филиал директорының орынбасары.

Оның сөзінше, айлақты жетілдіруден басқа, кеме құрылысы сияқты өзге де салалас бағыттар дамытылады.

«Әрине бұл мультипликативті серпін береді. «Құрық» айлағына шығу арқылы «Қазақстан темір жолы» компаниясы өзінің мультимодальды мүмкіндіктерін арттырады. Яғни біз барлық үдерістерді бір компанияның аясында жүзеге асырамыз»,-деді ҚТЖ-ның өкілі.

Индира Кауметова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика