Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қазақстанда 2020 жылға қарай тразиттік жүк айналымын 36 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда

Қазақстанда 2020 жылға қарай тразиттік жүк айналымын 36 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда, деп хабарлады «KTZ Express»АҚ вице-президенті Сергей Анашкин ОКҚ-да.
Астана қаласы20 Наурыз , 13:17

«Жаңа көлік айналымы туралы айтатын болсақ, транзит барысында 2020 жылға дейін Қазақстандағы инфрақұрылымдарға барлық көлік түрлерімен жаңа жүк айналымын 17,5 млн тоннадан 36 млн тоннаға дейін арттыру  жоспарлануда», - деп мәлімдеді ол.

Осы ретте, оның айтуынша, тразиттік орталық тауарларды Кедендік одақ, Орталық Азия, Парсы Шығанағы, Еуропа, Кавказ бен Түркия елдерінің нарығына тасымалын үйлестіреді.

«Бүгінде «ҚТЖ»ҰК»АҚ аталмыш технологияны құрлықаралық және еуразиялық кеңістіктегі тасымалға табысты енгізуде», - деп толықтырды ол.

Сонымен, Анашкин түсіндіріп өткендей, «Хоргос-Шығыс қақпасы» АЭА – бірігей мемлекеттік инфрақұрылымдық жоба. Ол Қазақстанның транзиттік әлеуетінің инфрақұрылымдық-өткізгіштік мүмкіндігін арттыруға бағытталған. Бұдан баасқа, белгілі болғандай, 2015 жылдың шілде айында «Құрғақ портты» толығымен пайдалануға беру жоспарлануда.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика