Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Солтүстік Қазақстанда Индустрияландыру картасына тағы үш жоба енгізілді

Солтүстік Қазақстанда Индустрияландыру картасына тағы үш жоба енгізілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан20 Наурыз , 16:27

«Алдағы алқа мәжілісініңі отырысында жалпы сомасы 3,7 млрд теңгені құрайтын 7 жоба қаралып, мақұлданды. Енді бүгінгі кеңесте  115 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін жалпы сомасы 832 млн теңгені құраған 4 жобаны қараудамыз», - деп атап өтті СҚО әкімі Ерік Сұлтанов Үйлестіру кеңесінің отырысында.

Бірінші жоба Мәмлүк қаласында құрама жем зауыты мен май зауытының құрылысына бағытталған. Оның құны 607,2 млн теңге және 51 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Ал, «CERAMIC BM» ЖШС «Есіл ауданында керамикалық кірпіштер өндірісін ұйымдастыру» жобасын ұсынды. Оның жалпы құны 102,3 млн теңге және 35 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Әкімдіктен атап өткендей, біздің өңірімізде осындай зауытты ашу ол уақыт талабы, бүгінде бұл құрылыс материалына сұраныс өте жоғары.

Бұдан басқа, Үйлестіру кеңесінің қарауына рәзіңке өнімдерін өндіру үшін автомобильдің ескі дөңгелектерін қайта өңдеу зауытын ашу жобасы ұсынылды.

Келесі жобаны «Жүнүсов» ЖК таныстырды. Ол жылутиімді блоктор өндірісін кеңейтуді көздеп отыр. Жоба құны 7,4 млн теңге.

Айта кетерлік жайт, Үйлестіру кеңесінің мүшелері барлық жобалар бойынша өз ұсыныстары мен кеңестерін берді.

Кеңестің қорытындысы бойынша үш жоба Индустрияландыру картасына енгізілді. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика