«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Қостанай облысында 11 отбасы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында баспаналы болды

Қостанай20 Наурыз , 16:11

Қостанай облысында берілген пәтерлердің жалпы көлемі 749 шаршы метрді құрады. Ал, жалға берілетін  пәтерлердің бір шаршы метрі айына  - 862 теңге болып белгіленді.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Н.Назарбаев «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» халыққа Жолдауында әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үйлер бағдарламасын атап өткен болатын. Аталмыш бағдарламаның операторы «Бәйтерек»ҰБХ»АҚ құрамына кіретін «Қазақстан ипотекалық компаниясы»ИҰ»АҚ.

Ипотекалық компания наурыз айында еліміз бойынша 1357 пәтерді бағдарлама қатысушыларына үйлестіруді көздеуде, олардың 50% жас отбасыларға, қалғаны бюджеттік қызметкерлерге, жетім балаларға, оралмандар мен әскерилерге үйлестіріледі.

Облыс әкімі атап өткендей, Қостанай облысында тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары белсенді жүруде, облыс орталығында жаңа шағын аудандар пайда болуда. Өткен жылы 156 мыңнан астам шаршы метр үй пайдалануға берілді, оның ішінде 46 мыңы мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған. 




Яндекс.Метрика